Өзін-өзі бағалау парағы » Алға орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алға орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 5-13-88
Есепші бөлімі:
+7(72778) 5-13-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өзін-өзі бағалау парағы
19
июнь
2023

Өзін-өзі бағалау парағы


 

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда № 31053 болып тіркелді

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

       3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 


Оқу-ағарту министрі 


 А. Аймагамбетов




Қазақстан Республикасының
 Оқу-ағарту министрі
 2022 жылғы 5 желтоқсандағы
 № 486 Бұйрыққа     қосымша




 Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі-Өлшемшарттар) білім беру ұйымдарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру кезінде оларды пайдалану мақсатында "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары – білім беру ұйымын бағалауды анықтау үшін қолданылатын, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген талаптардың жиынтығы;

      2) бағалау өлшемшарттары – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүргізуге негіз болатын белгілер мен нақты өлшеуіштер;

      3) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

      4) кешенді тестілеу – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;

      5) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;

      6) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

      7) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат.

 2-тарау. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

      3. Бағаланатын кезеңге өлшемшарттар:

       1) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік аттестаттау болып табылмайтын білім беру ұйымдарын жыл сайынғы бағалау оқу нәтижелеріне бағалау жүргізбей өткізіледі, сонымен қатар білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ескере отырып, бағаланатын кезең толық оқу жылы болып табылады;

      2) мемлекеттік аттестаттау алдындағы білім беру ұйымдарына бағалау оқу нәтижелеріне бағалау қолдану арқылы мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін бір ай бұрын өткізіледі, сонымен қатар бағаланатын кезең бұрын өткен екі оқу жылы мен ағымдағы оқу жылы болып табылады.

      4. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттары келесі нақты өлшеуіштерге сәйкес жүзеге асырылады:

      1) оқыту нәтижелеріне бағалау 4, 9-сыныптардың білім алушылары арасында білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйым әзірлеген компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу) технологиясы бойынша жүргізіледі;

      2) компьютерлік тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды тұлғаларының байқаушы ретінде қатысуымен жүзеге асырылады;

      3) оқыту нәтижелерін бағалау кезінде білім алушыларға өз білімдері, іскерліктері мен дағдыларының деңгейін көрсету үшін бірыңғай жағдайлар мен тең мүмкіндіктер жасалады;

      4) компьютерлік тестілеу контингенттің тізімдік құрамынан білім алушылардың төменінде 90 %-ы қатысқан кезде жүргізіледі (бітірушілердің жалпы саны 10 немесе одан аз білім алушыларды құрайтын білім беру ұйымдары үшін – төменінде 80 %);

      5) карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар себебінен оқыту нәтижелерін бағалауға жататын 4, 9-сыныптар білім алушыларының қашықтықтан оқыту кезінде компьютерлік тестілеу тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары алынғанға дейінгі мерзімге ауыстырылады;

      6) білім алушылар компьютерлік тестілеу рәсімдерінен босатылады және мынадай жағдайларда оқыту нәтижелерін бағалауға жататын білім алушылар контингентінің тізімдік құрамына енгізілмейді:

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындылары (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін);

      білім беру ұйымдарын бағалау кезеңіндегі денсаулық жағдайы бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы немесе денсаулығының жай-күйі бойынша полимеразды тізбекті реакцияның оң нәтижелері;

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7355 тіркелген) бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне сәйкес олимпиадаларға, конкурстарға және жарыстарға қатысу туралы білім басқармасының бұйрығы;

      7) бастауыш, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін компьютерлік тестілеу кезіндегі бағалау шәкілі (пайыздық қатынаста) мынадай түрде айқындалады:

      "өте жақсы" – 85-100 %;

      "жақсы" – 65-84 %;

      "қанағаттанарлық" – 40-64 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – дұрыс жауаптар емтихан материалындағы сұрақтар санынан 40 % -дан төмен болғанда;

      8) компьютерлік тестілеу нәтижелері цифрлық бес балдық жүйе бойынша бағаланады, сонымен қоса оқыту нәтижелерін бағалау қорытындылары бойынша апелляция рәсімі көзделмеген;

       9) білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау нәтижелері осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан төменінде 40 %-дан төмен емес білім алушылардың "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес дұрыс жауап бергені білім беру ұйымымен айқындалған жағдайда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта білім беру стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.

      5. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына "үлгілі" - 5, "жақсы" - 4, "жақсартуды қажет етеді" - 3, "төмен" - 2 деңгейлерінің біріне сәйкес келетін өлшеуіштер және балл қолданылады.

       6. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына өлшеуіштер, осы Өлшемшарттардың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес қолданылады.

      7. Білім беру ұйымы қызметінің деңгейін бағалау өлшемшарттар балдарының жалпы сомасы бойынша айқындалады.

      Білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмесе, білім беру ұйымдарының қызметін бағалау кезінде балдардың қорытынды сомасы 50% - ға төмендейді.

      8. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша көрсетілетін білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін айқындау үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері онлайн форматта сауалнама жүргізеді:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында –педагогтер, мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналары (заңды өкілдері); мектепалды жастағы топтар болмаса – ересек жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналары (заңды өкілдері);

      бастауыш, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – педагогтер, 4, 9-сыныптардың білім алушыларына және олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне); білім беру ұйымында бітіруші сыныптар болмаса – жоғары сыныптардың білім алушыларымен және ата-аналарымен (заңды өкілдері);

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – педагогтерге, жұмыс берушілерге, өндірістік практика базаларының басшыларына және бітіруші курстардың білім алушыларына; білім беру ұйымында бітіруші курстар болмаса – жоғары курстардың білім алушыларына.

      Педагогтерге, жұмыс берушілерге, өндірістік практика базаларының басшыларына сауалнама 90% -дан кем емесреспонденттер қатысқан кезде жүргізіледі.

      Білім алушыларға, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) ата – аналарына (заңды өкілдері) сауалнама респонденттердің төменінде 90% - ы (білім беру ұйымдары үшін, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жалпы саны төменінде 80% - ды құрайтын білім алушылар (тәрбиеленушілер) үшін) қатысқан кезде жүргізіледі.

 2-параграф. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

      12. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мазмұнына өлшемшарттар:

       1) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкестігі;

       2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру;

      3) білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру;

      4) білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көртөмендік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру;

      5) білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі);

      6) ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру;

      7) ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру;

      8) "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын игеру;

      9) "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру;

       10) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 30721 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау.

      13. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім алушыларының оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:

      1) білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы;

      2) білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы;

      3) сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.

      14. Білім алушылардың дайындық деңгейіне өлшемшарттар:

       1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер);

       2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау;

       3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау;

      4) 4,9-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау.

      15. Оқу мерзіміне өлшемшарттар:

      1) тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау;

      2) сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және күнтізбелік жылдағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау.

Білім беру ұйымдарын  бағалау өлшем шарттарының  2-қосымшасы бойынша





Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалауына арналған өлшемшарттар


«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алға орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

р/с №

Бағалау өлшемшарттары

Өлшеуіштер

Балдары

1

Тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты бар педагогтердің үлесі

Барлық мұғалім саны-44

Жоғары білімді педагогтар саны-43





97,7%

4



2

Біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырған/растаған педагогтердің (оның ішінде басшылардың үш жылда бір реттен сиретпей) үлесі

2022-2023 оқу жылында  біліктілік санатын арттыруға өтініш берген педагогтер-22 тестен өткендер-7

Біліктілік санаты бар педагогтар-34 







Тестен өткендер - 32%


Біліктілік санаты бар педагогтар - 61,3%

2

3

Үш жылда бір реттен сиретпей (оның ішінде басшы, басшы орынбасарларының) біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі

Үш жылда біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі - 40



91%

3





4

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 тіркелген) сәйкес негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі

Бастауыш сынып педагогтер саны-8

Педагог-зерттеуші-0

Педагог-сарапшы-6

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
  жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып бойынша үлесі -75 %

5







5

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 тіркелген) сәйкес негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі

Жаратылыстану –математикалық бағыттағы педагогтер саны-17

Педагог-зерттеуші-0

Педагог-сарапшы-3

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтер саны-11

Педагог-зерттеуші-1

Педагог-сарапшы-4



Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
  жалпы білім беретін мектептер – 48,9% 

жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі    - 17,6%
  
  

қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі-31,3%

4

6

Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылуы





80 - 94 %

3



7

Ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 тіркелген) сәйкес жағдай жасалуы (пандус, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу)



80 - 94 %

3





8

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13070 тіркелген), 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрықтарына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 тіркелген) сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендермен, оқу және көркем әдебиеттермен қамтамасыз етілуі



95 - 99 %

5





9

Білім беру ұйымдары топтарының (сыныптарының) толықтырылуының сәйкестігі (топтар/сыныптар бөлінісінде)



80 % төмен

2




Похожие публикации:

22 август 2023 Хабарландыру!
26 август 2022 Хабарландыру!
31 март 2023 Хабарландыру!
15 июль 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ