"Алға орта мектебі-МДШО" КММ -нің 2022-2023 оқу жылының тәрбие жұмысының жылдық есебі » Алға орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алға орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 5-13-88
Есепші бөлімі:
+7(72778) 5-13-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алға орта мектебі-МДШО" КММ -нің 2022-2023 оқу жылының тәрбие жұмысының жылдық есебі
16
июнь
2023

"Алға орта мектебі-МДШО" КММ -нің 2022-2023 оқу жылының тәрбие жұмысының жылдық есебі

«Алға орта мектебі МДШО»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

тәрбие жұмысының жылдық есебі.


«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек,

                                                       тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы,

                                                        ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»

Шығыс ғұламасы Әл-Фараби.


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

  1.  Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
  2. Рухани- адамгершілік  тәрбие
  3. Ұлттық тәрбие шеңберінде құндылықтар жүйесін қалыптастыру
  4. Мектептегі отбасылық тәрбие
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
  7. Зияткерлік тәрбие   құндылығы
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру


Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған  тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері: 

  1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
  2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
  3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
  4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. 
  5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.
  6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. 

7.Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

  1. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.


       ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру 

 Балалар жылына арналған іс-шараларды өткізу 

 «Оқуға құштар мектеп», «Дебат қозғалыстары», «Мектеп парламенті», «Балалар және театр» «Жылыжайлар» және т.б. жобаларын іске асыру 

 «Мектеп-ата-ана консилиумы» мектеп-ата-ана қарым-қатынасының жаңа форматын енгізу

        Ата – ана әртүрлі, олардың мектепке көзқарасы да сан алуан. Әр сыныпта  ата – ана өзін тану үшін психологиялық ойындар, тренингтер, сауалнамалар жүргізілді. Әрине, кез келген ата – ана өзі туралы да, баласы туралы да жоғары пікірде болады.Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде ойын, сергіту ретінде жүргізілді.Өздерін, балаларын жаңа қырынан көре алатынын байқаған ата – аналар белсендігі арта түсті.

 Бала тәрбиесіндегі ата –ананың ролі басым екендігін, бала тәрбиесіне көңіл аз бөлінетінін мойындап, жауапкершілікті сезініп отыр.

 Мектеп пен жанұяның тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады. Барлық сыныптарда қыркүйек айындағы алғашқы ата-аналар жиналысында   тәрбие беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға тәрбие берудің жолдары айтылып,балаларға тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне тоқталып, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстармен, кейбір заң актілерімен таныстырылды.

https://www.instagram.com/p/Ch9SA2FrLVL/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

Мектеп бойынша кітап қорында 7763 оқулықтар бар. Оқушыларға мектеп кітапханасынан тамыз айынан бастап кесте бойынша оқулықтар таратылды. Сынып жетекшілер тұрмысы төмен отбасы балалары мен қамқорлықтағы оқушыларға оқулықтарын түгендеп берді.



























 Оқушылардың сабаққа қатысуын тіркейтін арнайы дәптер ашылған.  Ауырған балалардың жағдайын сынып жетекшілер үйлеріне барып біліп ата-анасынан түсініктеме алып отырады.Мектеп медбикесімен байланыс жасалынады.

Мектепке келген, не мектептен кеткен оқушылардың  құжаттары түгел рәсімделген.

  Сабақтан тыс уақыттарын тиімді өткізу мақсатында қызығушылықтарына байланысты оқушылар үйірмелер мен секцияларға жазылды. 















Тәрбиеге қиындық келтіретін  оқушыларды болдырмаудың алдын алу жұмыс түрлері 
өте көп. Мектепішілік тіркеуде 1 оқушы: 9б сынып оқушысы Исаев Ельмурат.

Жыл басында «Мектеп ережесі- оқушының құқығы мен міндеті» жасалып, оқушыларға таныстырылды. Әр сыныпта тәрбие сағаттары мен сынып жиналыстары өтті. Мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылуда.

  Мектеп, ата-ана, оқушы ұйымдары бірлесіп, іс-шаралар өткізу қолға алынған. Мектепішілік тәрбие жұмысына, танымдық, шығармашылық кештерге оқушылар жиі қатыстырылып, ата-аналар да тартылуда. Өз балаларының өнерін тамашалап, кем-кетігін байқап отырады.

 Сабаққа дайындықсыз келетін, оқу құралдарын түгел әкелмейтін, үй тапсырмасын орындамай келетін оқушылардың ата-аналдарымен сынып жетекшілер жеке жұмыстар жүргізеді.Үйлеріне барып балалармен кездеседі.Сабаққа мүлде келмейтін, себепсіз қалатын оқушылармен жұмыс жүргізілуде.

Үлгерімі нашар, қабылдауы төмен, көңіл күйі бір қалыпты емес, орнықсыз оқушылар бар. Ондай оқушылармен пән мұғалімдері қосымша сабақ өткізіп, ата-аналарымен кездесіп, сабақтарға қатыстырылады.  

Жыл басы әр дүйсенбі сайын сабақты Әнұранды орындау мен таңғы жаттығуларды жасауды дәстүрге айналдырдық. 

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында 1-қыркүйек Білім күніне арналған іс шара өткізілді. Осы тақырыпта сынып сағаттары өткізілді және қыркүйек айында өткен А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған іс шараны қазақ тілі мұғалімдерімен ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/CiZtGMWreGl/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

https://www.instagram.com/p/CiyvXY6qT1Z/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

Сонымен қатар жоспар бойынша қыркүйек айында «Денсаулық фестивалі - 2022» аптасы өтті. Денсаулық күнінде спорт ойындары жоспарланып, соңынан оқушыларды марапаттаумен  қорытындыланды 

https://www.instagram.com/p/CikTYzsr-at/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

https://www.instagram.com/p/CikSzXNLD4v/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

. «Отбасы өмір аясы» тақырыбында видеороликтер жасалып мектеп инстаграмм парақшасына жарияланды. «Ұстаз деген жарық күні ғаламның» тақырыбында мектеп парламент мүшелері мерекелік іс-шара ұйымдастырды. 

https://www.instagram.com/p/CjPHwdyqCxR/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

https://www.instagram.com/tv/Ch9SKe4jckj/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

 «Қарттар асыл қазынам» қарттар мерекесінде әр сынып ауылымыздың қарттарын құттықтады.


https://www.instagram.com/p/CjUfuIBrZz8/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

https://www.instagram.com/p/CjUfuIBrZz8/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

https://www.instagram.com/p/CjUfMCdNX01/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

https://www.instagram.com/p/CjUfIHTNwEf/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

https://www.instagram.com/p/CjUfE5HNpmo/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

       «Кел балалар оқылық!» тақырыбында оқуға құштар мектеп жобасы аясында бастауыш сынып оқушылары мектеп кітапханасымен тығыз байланыста.


https://www.instagram.com/p/Cov1_tsqPiB/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

Жылдағы дәстүр бойынша «Алтын күз». «Бірге таза Қазақстан!», деген ұранмен сенбіліктер өтті. 

https://www.instagram.com/p/CkTDWz4rowQ/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

Әр апта сайын мұғалімдермен бірлеске «Түнгі рейдтер» өтеді. 

https://www.instagram.com/p/CmrVrOBNMAH/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

Тәуелсіздік күніне орай   «Желтоқсанның ызғары – тәуелсіздіктің алауы»мерекесі өтті.

https://www.instagram.com/reel/CmrlU5dqzk7/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

https://www.instagram.com/reel/CmrlU5dqzk7/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

«Алға орта мектебі МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жаңа жыл мерекесіне орай жоспар құрылды. 1-5 сыныптар арасында 27.12.2022 - 29.12.2022ж күндері «Сыйқырлы телефон» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. 6-10 сынып арасында сынып сағаттар өткізілді.8а сынып оқушысы Амангельдң Алтынай аудан әкімінің шыршасына қатысты. Аудан әкімінен сыйлықтарын алып жақсы көңіл – күй сыйлады. Сонымен қатар, мектебіміздің үйден оқитын балаларға мектеп тарапынан Аяз ата мен Ақшақар құттықтады. Балалар жаттаған тақпақтарын айтып сыйлықтарын алды.


Сонымен қатар, мектебіміздің үйден оқитын балаларға мектеп тарапынан Аяз ата мен Ақшақар құттықтады. Балалар жаттаған тақпақтарын айтып сыйлықтарын алды. 

 Жалпы мектептің 1 тоқсанда   ата-аналар жиналысында «Бала құқықтарының Конвенциясымен» таныстырылып,  «Жанұяда зорлық жоқ!» атты  ата-аналармен тренинг өткізіледі. Жалпы мектептің 2 тоқсанда   ата-аналар жиналысында балала арасында буллинг бойынша мәліметтер таныстырылып,  «Жанұяда зорлық жоқ!» атты  сынып жетекшілермен тренинг өткізіледі

          Тәрбие сағаттар шеруі «Жастардың құқығы мен міндеттері», «Заңның аты-заң», «Құқықтық білім-баршаға», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Нашақорлық-қоғам дерті»тақырыптарында дәріс оқу, дөңгелек үстел ұйымдастыру арқылы жүргізіліп келеді. Осы тақырыптар бойынша өткізілген әңгімелер оқушылардың құқықтық сана-сезімінің ұлғаюына септігін тигізеді.

https://www.instagram.com/p/CrA2Q_2rusq/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==


Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар кеңінен жоспарланды. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары бірлесіп жасалады

1.«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды.



2.Жасөспірімдер арасындағы бопсалаушылық. Құқық бұзушылық. Әкімшілік  және қылмыс кодекстері» тақырыбында әңгімелесу

3. «Қазақ халқының дәстүріндегі қыз бен ұл тәрбиесі»8-11 сыныптар арасында жиналыстар өткізіліп тұрады.

4.«Ұшқыр ой алаңы» атты дебаттық қозғалысы 8-9 сыныптар арасында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылып отырады

https://www.instagram.com/p/CrKYH8Mo7X-/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

https://www.instagram.com/reel/Cov1caWqkBx/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

https://www.instagram.com/p/ClAaYS8q9Zr/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

Алға орта мектебі МДШО КММ 

"Ойдария" дебат клубының Қойшыбек орта мектебінің "Жас қыран" дебат клубымен бірлескен кезекті отырысы өткізілді.

https://www.instagram.com/p/CllWvMurmB8/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==


5. 1 наурыз  алғыс айту күніне арналған іс шара ұйымдастырылды. Өзін – өзі басқару ұйымының оқушылары видеоролик арқылы құттықтауларын айтты.

https://www.instagram.com/reel/Cq5j9xLtO7H/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==


6. 8 наурыз - аналар күні. "Арулар – асыл жандар" мерекелік концерттік бағдарлама өзін – өзі басқару ұйымының оқушыларының ұйымдастырылуымен өткізілді.



7.«Армысың, әз Наурыз» мектепішілік мерекелік іс – шара өткізілді

https://www.instagram.com/p/Cq5mEY_NdGF/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

https://www.instagram.com/p/Cq5lOw7NRfg/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==


8. Құқық бұзушылықтықтың алдын алу мақсатында түнгі рейд жүреді.

https://www.instagram.com/p/CrNKidNN8v2/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==


https://www.instagram.com/p/Cq5ptR_tqMC/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==


Апта басы оқушылырдың таңғы жаттығу жасауы мен мемлекетті Гимнді орындаудан басталады. Күнделікті оқушылырдың сабаққа қатысуы мен кешікпеуін кезекшы сынып жетекші мен әкімшілік мүшелері қадағалап отырады. 

https://www.instagram.com/p/Cq5nIKLN1TA/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==


Сәуір айында «Отаным – кең далам, орманды» тақырбында 

5-11 сынып оқушылары арасында патриоттық әндер байқауы өтті.

         Әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілермен бірлескен «Мектепке жол» қайрымдылық акциясын  ұйымдастырылды. Аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға көмек көрсетілді.



    

23 сәуір - дүниежүзілік кітаптар күніне орай мектеп кітапханашысы Надырбаева Ш.Н ұйымдастырылуымен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

https://www.instagram.com/p/CrKYH8Mo7X-/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

          Сәуірдің он екісі «Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне» орай мектеп кітапханашысы Надырбаева Ш.Н ұйымдастырылуымен көрмеүйымдастырып, сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.


Күні колледж мамандары шақырылып, мамандық таңдауға әңгіме-сұхбат жүргізіп, кәсіби бағдар беру мақсатында келді.

https://www.instagram.com/p/Crk_PRUrsxh/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==

Жиырмасыншы сәуір күні «Ұлттық тәрбие – ол халықтық дәстүр жолы.» 5-11 сыныптар арасында  ашық сынып сағаттары өтті.

9-11 сыныптар арасында діни экстремизм мен терроризм қайдан шыққан тақырыбына мектеп психологы мен ЮПТ ЖПҚБ-ныңинспекторларының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.


Мектеп психологі Г.Жансеркеева мен мектеп медбикесінің ұйымдастырылуымен 5-11 сыныптарының ұлдары және қыздарының арасында «Психотроптық    заттар мен энергетикалық сусындар туралы не білеміз?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді.

5 мамыр күні Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Т.Сикимбаевтің ұйымдастыруымен «Жас ұлан» әскери патриоттық жиын өткізілді.


https://www.instagram.com/p/Cr3XGzFt5WC/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==


5мамыр күні мектеп кітапханашысы Ш.Надырбаева «Ұлы жылдарға тағзым етем», «Поклоняемся великим тем годам» тақырыбында кітап көрмесі өтті.


8 мамыр күні ДТІЖО Н.Сатыбалдиева мен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Ерсіз ел болмайды, елсіз ер болмайды» тақырыбында ҰОС 78 жыл толуына орай тәрбие сағаттары өткізілді.


https://www.instagram.com/p/CsBg_hXNdhu/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==


17 мамыр күні «Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етемін» тақырыбында ДТІЖО Н.Сатыбалдиева, педагог ұйымдастырушы Н.Мелисжанов пен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.


19 мамыр күні жалпы мектеп ата аналарының жиналысы өткізілді.  Мұнда ата аналар комитетінің атқарылған жұмыстары қорытындыланды. 


Есік қаласы бойынша ЮПТ инспекторының жаз мезгіліндегі оқушылар арасындағы құқықбұзушылық туралы баяндама оқылды. Метептегі тәрбие жұмыстары   қорытындыланды. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырылуы туралы айтылды.



31 мамыр күні соңғы қоңырау күніне орай сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.

https://www.instagram.com/p/Cs8hDhZrQLm/?igshid=YjgzMjc4YjcwZQ==



1 маусым күні мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын өткізілді. «Балаларды қорғау» күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 


         Қорыта келегенде «Алға орта мектебі МДШО»коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспарына сүйене отырып аталған жоспардың ісөшараларының барлығы орындалды.


Жетістіктер:

1.Бекітілген жылдық жоспар бойынша бірінші тоқсанға жоспарланған   барлық іс-шаралар өткізілді.