" Алға орта меткебі-МДШО" КММ-сі бойынша 2022-2023 оқу жылында атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмысының жылдық есебі » Алға орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алға орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 5-13-88
Есепші бөлімі:
+7(72778) 5-13-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Алға орта меткебі-МДШО" КММ-сі бойынша 2022-2023 оқу жылында атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмысының жылдық есебі
16
июнь
2023

" Алға орта меткебі-МДШО" КММ-сі бойынша 2022-2023 оқу жылында атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмысының жылдық есебі

«Алға орта мектебі – мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектептің 2022-2023 оқу жылында атқарылған 

әлеуметтік-педагогикалық  жұмысының

ЕСЕБІ

2022-2023 оқу жылында әлеуметтік педагогтің жұмысы мектептің әлеуметтік осал топтағы оқушыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу, мектептің әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Оқу жылының басында ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 №382 бұйрығына сәйкес әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары құрылды. Жылдық жоспарға сәйкес әлеуметтік-педагогикалық жұмыс төмендегі алты бағыт бойынша ұйымдастырылды:

І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу

II. Балалық шақтың құқығын қорғау жұмысы

IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс

ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы

V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс

VI. Диагностикалау-талдау қызметі

І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу туралы:

Сынып жетекшілердің әлеуметтік зерттеулеріне сәйкес сыныптың әлеуметтік паспорты жасалынды. Сыныптардың әлеуметтік паспорты негізінде мектептің әлеуметтік паспорты жасалынды. 


Әлеумет-тік мәртебесі

Толық отб./ бала саны

Толық емес отб/ бала саны

Анасы жоқ балалар

Әкесі жоқ балалар

Көп балалы отб.

Аз қамтамасыз етілген отб.

Мүгедек балалар, мүмкіндіктері шектеулі балалар

АСП алатын отбасы/бала                      саны

2022-2023 оқу жылы

101/164

36/49

2/2

9/11

40/108

5/14

5/5

      6/14


ІІ. Балалық шақтың құқығын қорғау жұмысы. Оқу жылында балалық шақтың құқығын қорғау бойынша бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Мектептің әлеуметтік желілерінде және мектеп сайтында балалардың құқығын қорғау бойынша жаднамалар мен материалдар жарияланды. Мектеп қабырғаларында сенім телефондары мен ақпараттық стендтер ұйымдастырылды. 


Білім алушылардың сабаққа бармауының алдын алу мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы жүзеге асты. Акция аясында әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық қолдау көрсетілді. Акция аясында қолдау көрсетілген оқушылардың көрсеткіші төмендегідей:



Саны (оқушы)

Сомасы(теңге)

Қаржылай көмек алғандар 

8

400 000

Материалдық көмек алғандар (мектеп формасы, кеңсе құралдары және т.б.)

13

160 000

№64 қаулыға сәйкес қаржылай көмек алғандар

40

1 495 560

Жалпы

61

2 055 560


IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс туралы. Мектебімізде әртүрлі есепте тұрған білім алушылар туралы сандық ақпарат төмендегідей:

Мектепішілік есепте тұрғандар – 0.

Тәуекел топтағы оқушылар – 0.

Аудандық ІІБ есебінде тұрғандар – 1.

Есепте тұрған оқушылардың үй-тұрмыс жағдайлары жасалынып, ата-аналарына әлеуметтік-педагогикалық кеңес берілді. Оқушылардың есепке алынуының әлеуметтік себептерін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнамалар алынып, отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық мінездеме берілді.

Балалардың есепке алынуының алдын алу мақсатында сынып жетекшілермен бірге «Бала құқығы», «Құқықбұзушылықтың салдары» тақырыптарында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы туралы. 

Мектеп ұжымының адамгершілік сау қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында «Қайырымдылық - жүректен» акциясы ұйымдастырылды. 



Акция аясында жиналған қаражат екі отбасына қаржылай қолдау көрсетуге жұмсалды.

Мектептің педагогикалық кеңесінде әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан білім алушыларға материалдық қолдау көрсету, жетім оқушылардың құқығының бұзылмауы, оқушыларды тегін жазғы қала лагерьмен қамту бойынша мәселелер қаралды.

Мектептің Қамқоршылық кеңесінің отырыстарында мектеп қорына демеушілер және өзге де демеушілерден келіп түскен қаржылай көмекті үлестіру, №64 қаулыға сәйкес білім алушыларға қаржылай көмекті қажет ететін отбасылырдан шыққан балалардың тізімін   бекіту, Жалпыға бірдей білім беру қорынан бір реттік ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімін бекіту және оқушылардың қала сыртындағы лагерьлерге жіберу туралы мәселелер қабылданып, шешімдер шығарылды.

Мектеп асханасын жалға алушы ИП А. Атыгаеваның есебінен 12 оқушының ыстық тамақпен қамтылды.

Асханаға әкелетін азық-түліктің мерзімін және дайын тағамдардың сапасын, сатуға тыйым салынған өнімдердің болмауы,ас блогының санитарлық талаптарға сай, таза болуы қадағаланды.

 Асхананың санитарлық талаптарға жағдайы қанағаттанарлық. Асхана тазалығы мектептің медбикесінің бақылауымен күнделікті тексеріліп отырады. Балалардың тағам және сусын ішетін ыдыс пен қасық аптасына бір рет дихлорланады.


Мектеп ұстаздарының демеушілігімен 1 – маусым «Балаларды қорғау» күніне орай мерекелік іс – шара өткізілді.


Қайырымдылық айлығының тиімді ұйымдастырылуы.

«Мектепке жол» акциясы нәтижелі жүзеге асырылуы.

Зерделеу нәтижесіне сәйкес әлеуметтік педагогтың іс-құжаттарының талап сай жүргізілуі.

Мектеп асханасына тамақтың сапасын жүйелі тексеру жұмыстарын жүргізу.

O Мүмкіндіктері

T Қауіп-қатерлері

Өзін-өзі жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыру курстарына қатысу.

«Qaiyrymdy mektep » журналы – әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың нәтижесі ретінде.

Қайырымдылық шараларына демеушілерді тарту жұмыстарының нәтижелілігі.

Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы.

«1 маусым-Балалар күні» мерекесіне демеушілердің тартылмауы.

Диагностикалық жұмыстардың жүргізілмеуі.



2023-2024 жылы атқыралған жұмыстарға SWOT талдау

V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмысы туралы.


Білім алушылардың ата-аналарымен жұмысты үйлестіруде басымдық әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан оқушыларға берілді.

Өгей әке не анасымен тұратын оқушылардың үй-тұрмыс жағдайы және әлеуметтік ерекшеліктері баса назарға алынып, мектеп психологі оқушыларды өз бақылауында ұстап отыр.

20 ата-анаға түрлі мәселелер (қаржылай көмек алу, оқушыны лагерьмен қамту, бала тәрбиесі, мамандық таңдау, баламен қарым-қатынасы және т.б.) бойынша жыл бойы әлеуметтік-педагогикалық кеңес берілді. 

Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысында әлеуметтік мәселелер бойынша баяндама оқылды.


VI. Диагностикалау-талдау қызметі туралы.


Мектептегі білім алушылардың арасында әлеуметтік мәселелерді зерделеу бойынша диагоностикалық-талдау қызметі жүргізілді. Оның ішінде, «Сыныптағы қарым-қатынас» Эссе   




«Мектептегі ыстық тамақ» сауалнамасы алынып, нәтижелері шығарылып, қорытындыланды.

Білім алушылардың әлеуметтік картасы және отбасы картасы жасалынды.

Жоғарыда атқарылған жұмыстар мен мектептің әлеуметтік көрсеткіштерін ескере отырып төмендегідей ұсыныстарды ұсынамыз:


  1. Сынып жетекшілерге ата–анамен дұрыс–қарым–қатынас орнату, диалогтың функцияларын дамыту мақсатында ақпараттық тұрғыда қолдау көрсету, мектеп әкімшілігі тарапынан берілетін тапсырмаларлы жүиелі жүргізілуін, ақпаратты сауатты ата – аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізілуін сыныамын.



Әлеуметтік педагог                            А.Байсенгирова