«Алға орта мектебі МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұстаз-ұйымдастырушының жылдық есебі. 2022-2023 оқу жылы » Алға орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алға орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 5-13-88
Есепші бөлімі:
+7(72778) 5-13-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алға орта мектебі МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұстаз-ұйымдастырушының жылдық есебі. 2022-2023 оқу жылы
02
июнь
2023

«Алға орта мектебі МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұстаз-ұйымдастырушының жылдық есебі. 2022-2023 оқу жылы

«Алға орта мектебі МДШО»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ұстаз-ұйымдастырушының жылдық есебі.

2022-2023 оқу жылы


Міндеттері :

Оқушылардың шығармашылық және танымдық істерге араласуға дайындығын дамыту, кәсіби бағдарлануын, олардың бойында ұлтжандылықты, азаматтықты, төзімділікті, рухани құндылықты, рух жігері шыңдалған, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру.  

Осы негізгі міндеттерді іске асыруда мектеп мұғалімдеріне тәрбие жұмысының келесі мақсаттары қойылды:

  • Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге қолайлы жағдайлар жасау,мектептің салтын дамыту;
  • Оқушылардың өзін - өзі басқара білу дағдыларын дамыту,азаматтық көқарас және ҚР азаматымын деген сана-сезімін қалыптастыру,
  • Мектеп өміріне ата-аналарды жоғары дәрежеде қатыстыру;
  • Құқық бұзушылықты алдын-алу жұмысын басшылыққа ала отырып, жасөспірімдер арасында нашақорлықтан алдын-ала сақтандыру, «Қиын» топ оқушыларын мектеп өміріне ,үйірме , секцияларға қатыстыру;
  • Оқушылардың сыныптан тыс жұмысқа деген қызығушылықтарын арттыру;

Осы мақсаттарды орындауда жоспар құрылып,жоспарға сай жұмыстар жүргізілді.


01.09.2022ж күні Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік пен отаншылдық» атты тақырыпта  салтанатты жиін өткізіліп ,сыныптарда «Мен- өз елімнің патриотымын» атты тақырыпта сынып сағаттары өтілді. Күнделікті оқушылардың сабаққа қатысулары  тексеріліп отырылды. Сонымен қатар бекітілген жылдық жоспар бойынша  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданатын оқушылардың тізімі қыркүйек айының басында бекітіліп жыл бойы жұмыс атқарылды.

02.09.-07.09.2016ж аралығында  Алға орта мектебінің оқушыларына  таңдау жасалынды. «Қыздар кеңесі», «Ұлдар кеңесі» «Денсаулық  сақтау кеңесі», «құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі»,  «Мектеп парламенті,Өзін-өзі басқару ұйымы» , «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы /жоғарғы сыныптарға арналған/ кеңестер құрылып жоспарлары бекітілді. Жоғарыда аталған кеңестер  жыл бойы төмендегідей жұмыстарды атқарды:

Ұлдар кеңесі:

Мақсаты: Оқушылар бойына патриотизммен азаматтылықты қалыптастыру,қоршаған ортаға жауапкершілікпен,салауатты өмір салтын ұстануға, туған өлкенің ,Отанның және елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Осы мақсатты басшылыққа ала отырып Алға орта мектебінде 2022-2023 оқу жылында «Ұлдар кеңесі» ұйымы ұйымдастырылып жетекші тағайындалып жұмыс жоспары бекітілді. Ұйым жетекшісі болым дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Косаев Азамат бекітілді. 

   Бекітілген жоспар бойынша ұйым отырысы айына бір рет өткізіліп отырылды. 

Қыркүйек айында алғашқы отырысында ұйым жетекшісі Косаев Азамат «Ұлдар кеңесінің» жаңа құрамын сайлап бекітті. Ұйым жетекшісімен бірлесе отырып ұйым басшысы ұлдарға «Мектепішілк тәртіп» атты дөңгелек үстел өткізді. Осы тақырыптын мақсатына сүйене отырып ұйым жетекшілері дайындаған  материалдарымен таныстырып ұлдарға тақырыпқа байланысты логикалық сұрақтарды қоя отырып ой пікірлерін тындап қорытынды жасап шықты. Өткізілген тақырыпқа №1 хаттама толтырылып папкаларына салынды.

Қазан айында ұйым жетекшісі Косаев Азамат «Шындықты айту керек пе?» және 5-10 сынып ұлдарымен  жеке тазалығы жайлы әңгіме дебат өткізді. Бұл отырыста ұйым жетекшісі әр оқушының құқығы жайылы мағлұмат оқып слайд көрсетті. Қосымша әр оқушыдан тест жұмыстарын алды. Мектептің мед бикесімен бірлесе отырып ұлдардың жеке тазалық гигиенасымен таныстырып шықты. Отырыс сонында №2 хаттаманы толтырып папкаларына құжаттарды жинақтады.

Қараша айында «Ұлдар кеңесінің» үшінші отырысы өткізілді. Үшінші отырыстың тақырыбы «Мен спорттты таңдаймын» «Салауатты өмір салтының пайдасы» болды. Ұйым басшысы «Салауатты өмір салтының пайдасы» -атты тақырыпқа бейне материал дайындап ұлдарға көрсетті. Ұйым жетекшісі көрсетілген бейне материалға байланысты сұрақтар қойды. Ұлдар қойылған сұрақтарға өз ойларын айтты. Қосымша бұл үшінші отырыста ұйым басшысы Косаев Азамат  мектеп формасын кимейтін оқушылармен жеке сөйлесіп оқушы құқығымен таныстырып шықты. Үшінші отырыстын да хаттамасы жазылып құжаттары жинақталды.

Желтоқсан айында ұйым жетекшісі мен ұйым басшысы төртінші отырыстарын өткізді. Отырыс «Темекінің зияны және никотинсыз әлем» атты тақырыпта пікірталас өткізілді.   Сонымен қатар, болашаққа мүмкіндік ретінде «Зиянды ідеттер және олардан арылу жолдары» тақырыбында әңгімелесті.

 Қаңтар айында «Суицидты жеңу жолдары » тақырыбына баяндама жасалды. Ақпан айында «Отбасындағы қарым-қатынастар» тақырыбында әңгімелесу болды.   Наурыз айында  «Спорты таңдап, денсаулықты таңдаймыз» атты тақырыпта диспут өткізді. Сәуір айында   «Менің Отаным- Қазақстан», «Патриот болу-дегеніміз не? » атты дөңгелек үстел, пікірталас өткізді. Мамыр айында «Мамандықты қалай таңдаймыз?» деген тақырыпта дебат өткізілді. Сонымен қатар, бекітілген жылдық жоспардың жасалған жұмыстарына есеп беріп барлық   хаттамалар  жазылып құжаттары жинақталды.

Қыздар кеңесі:

Мақсаты:Оқушылар бойына патриотизммен азаматтылықты қалыптастыру,қоршаған ортаға жауапкершілікпен,салауатты өмір салтын ұстануға, туған өлкенің ,Отанның және елінің тарихын құрметтеуге, қыз бойындағы инабатылыққа тәрбиелеу.

 Ұйым жетекшісі болып орыс тілі пәнінің мұғалімі Байсмакова Айгерим Талгатовна бекітілді. 

   Бекітілген жоспар бойынша ұйым отырысы айына бір рет өткізіліп отырылды. 

Қыркүйек айында алғашқы отырысында ұйым жетекшісі «Қыздар кеңесінің» жаңа құрамын сайлап бекітті.Ұйым жетекшісімен бірлесе отырып ұйым басшысы «Қыздың жолы жіңішке» атты тақырыпта пікір талас отырысын өткізді. Қосымша қыздарға тест жұмыстарын таратып орындатты. Орындаған тест бойынша сұрақтар қойып ой пікірлерін тындап қорытындылады. Отырыс сонында №1 хатамманы толтырып құжаттарын жинақтады.

Қазан айында «Қыздар кеңесінің» екінші отырысы өткізілді. «Қыз көркі келбетімен әдемі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Кеңес жетекшісі қыз баланын жеке бас гигиенасының тазалығымен таныстырып шықты. Қосымша мектеп мед бикесі қыздарға бейне материал көрсетіп таныстырды. Қыздарға қосымша тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып отырысқа №2 хаттаманы толтырып құжаттарын жинақтады. 

Қараша айында кеңес жетекшісі «Қыз өссе елдің көркі» атты тақырыпта  диспут өткізді. Диспутта кеңес басшысы баяндама дайындап қыздарға оқып таныстырып шықты. Кеңес жетекшісі психологиялық тест пен тренингтер өткізді. Өткізілген тақырыпқа №3 хаттама толтырылып материалдар жинақталып папкаларына салынды.

Желтоқсан   айында «Қыздар кеңесінің» төртінші отырысы өткізілді. Кеңес жетекшісі мен кеңес басшысы «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» атты тақырыпқа пікір талас отырысы өткізілді. Қыздарға жұқпалы ауруларды алдын алу лекциясы оқылды. Сонымен қатар мектеп психологімен бірлесе отырып психологиялық тренингтер өткізді. Қаңтар айында  «Қыз қылығымен сүйкімді» атты әңгіме  және «Ата салтым-асыл мұрам»өткізді. Ақпан айында   «Алдымен сүй ардақты ата-ананды!» дөңгелек үстел өткізілді. Наурыз айында «Қыздарға әсемдік жарасады» атты тақырыпта әңгіме қткізілді. Сәуір айында  «жер ананы жасыл күйінде сақтайық» атты  дөңгелек үстел өткізілді. Мамыр айында жыл бойы жасалған жұмыстарды қорытындылау есебін жасап , өтілген тақырыптарға   хаттамалар толтырылып жетекшілерімен құжаттарды жинақтады.

Құқық кеңесі:

Мақсаты: Оқушыларды халықтар арасындағы өзара   түсінушілікке,бір-біріне құрметпен қарауға,оқушылар  бойында азаматтылық,отан сүйгіштік, жауапкершілік пен түрлі ұлттар мен халықтарға деген сыйластық көзқарасты қалыптастыру,оқушыларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу. 

 Ұйым жетекшісі тарих  пәнінің мұғалімі Сикимбаева Д.Н. бекітілді. 

Қыркүйек айында кеңес жетекшісі Сикимбаева Д.Н. 1-отырысты өткізді. Отырыста құқық кеңесінің жұмыс жоспарымен таныстыра отырып кеңес мүшелерін сайлауын өткізді. 

 Бұл отырыста жетекші жалпы құқық тұралы мәлімет пен қосымша оқушы құқығымен таныстырып шықты. Отырыс соңында сайланған хатшы №1 хаттама толтырылып құжаттар жинақтады.

Қазан айында «Құқық әлемінде» атты тақырыпта және ЮИП майоры Нурсултанованың басшылығымен «Я и мой полицейский» атты тақырыпта 

1-10 сыныптарға арнап лекция өткізді. Өтілген тақырыпқа байланысты оқушыларға сұрақтар қойылып ой пікірлері тындалып №2 хаттама жазылып құжаттары жинақталды.

Қараша айында құқық жетекшісі Сикимбаева Дина мен құқық басшысы «Заңды білу-бұзушылықтың алдын алу» лекциясы өткізді. Отілген тақырыпқа психологиялық тренингтер өткізілді қосымша сұрақтар қойылды,қорытындылап №3хаттама жазылып құжаттар жинақталды.

Желтоқсан айында ЮИД майоры Қасымова Ару мен бірлесе отырып құқық жетекшісі Сикимбаева Д.Н.   «Оқушының мектептегі құқығы мен міндеті» атты тақырыпқа лекция оқыды. Оқушыларға оқылған лекцияға байланысты сұрақтар қойылды. Оқушылар өз түсінгендерін айтып маор Қасымова Аруға өздерін қызықтыратын қосымша сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға майор Қасымова толық жауап бере отырып қосымша түсіндіріп өтті. Сондай –ақ қаңтар айында   «Отбасы және жастар» атты дөңгелек үстел өткізілді.  Ақпан айында   «Бала құқығы асыл қазына» атты   пікір талас өткізілді. Наурыз айында «Құқық әділет пен парасат жолы» доклад жасалды. Сәуір айында  «бала құқығы  аяқ асты болмасын» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мамыр айында жыл бойы жасалған   жұмыстарға қарытынды есеп жасалып барлық хаттамалар жазылып құжаттары жинақталды .

      «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы:    

 Ұйым міндеттері мен мақсаты: Жан-жақты тұлға тәрбиелеу. Балаларды отаншылдыққа,елжандылыққа,интернационализімге, әлеуметтік шығармашылық қабілеттілікке тәрбиелеу. Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілік дүниетанымын дамыту. Әр бір қыз бен ұлдың,жастардың шығармашылығын дамыту,олардың талаптарын қарым-қатынаста,әр түрлі салаларда пайдалану,қолдану. Балаларды мәдени байлыққа,Отанының,елінің мәдениетін бағалауға шақыру.

Қыркүйек айында   «Өзін-өзі» басқару ұйымының 1-отырысы өткізілді. Бұл отырыста ұйым мүшелерін сайлап жылдық жоспарымен таныстырылды. Қазан айында ұйым жетекшісімен 2-отырыстарын өткізді. Бұл отырыста «Баланың бас ұстазы-ата ана» баяндамасы оқылды. Сонымен қатар «Туған ауылымның тазалығы» атты сыныптың тазалық секторлары қысқаша мәлімет оқып шықты. «Дәрумендер мен құнды заттарға бай жеміс жидектер» атты пікір талас қараша айында өткізілді. Сонымен қатар 3-отырыста оқу секторларының «Білімді мыңды жығар»-атты баяндама оқылды. Мектеп мед. бикесімен бірлесе отырып «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты пікір талас өтілді. Сонымен қатар Тәуелсіздік мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілді. Ұйымның 5-отырысы «Ұялы телефонмен сөйлесу әдебі» атты әңгіме дебат өткізіліп қосымша спорт секторларының «Денсаулық   жөнінде» баяндамалар оқылды. Ұйымның 6-отырысы «Бес нәрсеге асық бол» дөңгелек үстел отырысы болды. Сонымен қатар «Мен және Заң» атты құқық кеңесінің жетекшісі баяндама жасады. Наурыз айында 7-отырыс өткізілді. Бұл отырыста  «Аяаулы алақан» аналар мерекесіне дайындық шаралары ұйымдастырылды. Сәуір айында «Мен ғарішкер боламын» атты тақырыпта жоғарғы сынып оқушыларына дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Мамыр айында бекітілген жылдық  жоспарға қорытынды жасалып құжаттары жинақталды.













Қыркүйек айында Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне 150 жыл мерейтойына арналған әдеби кеш өткізілді.

Қыркүйек айының   24-де  «Денсаулық фестивальі 2022» атты тақырыпта  Денсаулық Фестивалі  өткізілді. Шара мектебіміздің спорт алаңында өткізілді. Мерекелік іс-шара мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары қатысты. Мерекелік барысында  түрлі спорттық ойындар мен жарыстар ,музыкалық жатығулар жасалды. 

        Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 1998жылы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес «22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күні» болып белгіленген. Осы мерекеге орай  «Туған тілім-тұғырым» атты мерекелік кеш өткізілді. 

Барлық сынып жетекшіле айлыққа байланысты сынып сағаттарын өткізді.

Ай соныңда мектеп оқушыларының күнделіктері тексеріліп ,директор жанындағы кеңесте қаралып шешімі шығарылып отырды. Бекітілген жылдық жопар бойынша  қыркүйек айынан бастап  мамыр айына дейін  аптасына бір рет  «Түнгі ауылдағы балалар» атты түнгі рейд жасалды.

Қазан айының 1-күні Құқықтық тәрбие айлығына байланысты мектеп ішілік  ашылу линейкасы өткізілді. Сол күні «Аталар сөзі-ақылдың көзі!» атты қарттарға арналған мерекелік  концерт өткізілді. Мерекелік кешке ауылымыздың аталары мен әжелері шақырылды.   

Қыркүйек айының 30 күні Алға орта мектебі оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаз-ұлы тұлға» атты тақырыпта ұстаздар күніне  арналған мерекелік кеш өткізілді. Мерекенің  басты қонақтары-әлбетте мектеп мұғалімдері. Қызықты әзілдер мен   музыкалық құтықтаулар  оқушылар тарапынан сыйланды.

Қазан айының  28 күні 2-4,5-7,8-10 сыныптар арасында «Алтын күз-2022 » сұлулық сайысы өткізілді. Жас ерекшеліктері ескеріп,осындай топтарға бөліп сайыстыруға ұйғардық. Мерекелік кеш мектебіміздің АКТ залында өткізілді. Кештің ұйымдастырылуы  мен өткізілуіне ұйымдастырушы ұстаз Мелисжанов Н. және сынып жетекшілер жауапты болды. Сайыс талаптарға сай өткізілді. Сайыстың нәтижесі қорытылып, кешіміздің жеңімпаздары анықталып марапатталды.



Ай соңында  мектеп оқушыларының күнделіктері тексеріліп,кемшіліктері жойылып отырды.

Қараша айының 1-күні Экология айлығына байланысты мектеп ішілік  ашылу линейкасы өткізілді. Оқушылар табиғатқа байланысты тақпақтары мен шығармаларымен таныстырып шықты. Қараша айының  18.11-25.11.   аралығында «Ауылымның сулу көріністері» және «Өз елім,Менің Қазақстаным »  тақырыпта  3-5 сыныптар арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.Қараша айының  16 мен 19 аралығында «19 қараша-темекіден бас тарту күніне» қарсы қабырға газеттер байқауы ұйымдастырылып,мектебіміздің қабырғаларына ілінді. Сонымен қатар «Біз темекі шекпейміз » атты 8-11 сынып оқушыларына мектеп мед бикесімен бірлесе отырып дөңгелек үстел өткізілді.

Ай соңында  мектеп оқушыларының күнделіктері тексеріліп,кемшіліктері жойылып отырды.

Желтоқсан айының алғашқы күнінде  мектебімізде «ЖҚТБ-ға қарсы күрес» күніне арналған тренингтер өткізіліп,жас ұрпақты бұл дертен  аман алып қалу жолдары қарастырылды. Әрбір кеңес жетекшісі өздерінің кезекті жиналыстарында осы тақырыпта сөз қозғады.

Желтоқсан айының 6 күні  «Салтын сүйген-халқын сүйер» атты барлық сыныптарға   пікір талас өткізілді.

Желтоқсан айында Алға орта мектебінде «Тәуелсіздік күніне»арналған мерекелік кеш өткізілді. Мереке Алға орта мектебінің АКТ залында өткізілді. Зал неше түрлі ауа шарларымен безендірілген,түрлі түсті  байрақшалар мерекелік кешіміздің сәні болды. Желтоқсан құрбандарына байланысты мәңгі оты жағылды. Жиналған оқушылар мерекенің қонақтары мерекенің басталуын тағатсыздана күтіп тұрғандай. Салтанатты музыка шырқалды. Жүргізушілер көрермен қауымды Тәуелсіздік күнімен құтықтап, ашақ аспан,бірлік және Отан тыныштығын тіледі. «Желбірей бер қазағымның Көк Туы» атты мерекелік кешіміздің концерттік бағдарламасы да басталды. Мерекелік кешке Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалды. Ортаға бірінші болып  «Ғұмырдария»  республикалық байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болған 4-5 сынып оқушыларына құрылған «Еркем-ай» домбырашылар тобы өз өнерлерін көрсетті. 6а сынып оқушылары «Алға,Қазақстан» әнімен кешімізді жалғастырды.

Артынан  2-3 сынып оқушылары «Аққу» биін биледі. Сол қанды желтоқсан шайқасында мерт болған құдіретті жастатымызға,тәуелсіздік, ынтымақтастықты аңсаған бірлік жолында өз өмірлерін құрбан еткен азаматтар мен азаматшаларымыздың рухтарына арнап оқушылар тақпақтарын айтты.Жүргізушілер желтоқсан құрбандарына байланысты бір минут үнсіздік жариялады. Үнсіздік минуты аяқталған соң тарих пәнінің мұғалімі Сихимбаева Дина Несипкалиевна 1986 жылдың желтоқсанында Қазақстан жерінде болған оқиға жайлы қысқаша  мағлұмат бере кетті.  Қосымша көрермендерге «Желтоқсан желі ызғарлы» атты слайд бейне фильм көрсетілді. 5-6 сынып оқушылары  хормен «Қасқалдақ» әнін орындады. 

Ал енді аудитория көңілін бір сергітіп,көтеру үшін көрермендерге «Мақтанышым айбарым,Желбіре көк байрағым» атты слайд шоу көрсетілді. Кешіміз 7а сынып оқушыларының «Қазақ жастары» атты өлеңге би орындап берді. 4аб оқушылары болса «Мир,Вам,Люди» деген әнімен кешімізді жалғастырды. 2б сынып оқушысы «О Родина моя!» атты тақпағын айтып берді. Кеш құтықтау сөздермен аяқталды.



Мектеп оқушылары мерекеге байланысты қабырға газеттері мен суреттер салды.

15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күніне   арналған «Жас Ұлан» халықаралық балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына  салтанатты түрде оқушыларды қосу салтанаты өткізілді. 5а,б сынып оқушылары АНТ қабылдап «Жас Ұлан»  қатарына қабылданды.

Желтоқсанның 26-28 күндері мектебімізде жаңа жыл мерекелік ертеңгіліктері мен балмаскарадтар өткізілді.

Ай соңында мектеп оқушыларының күнделіктері тексеріліп қателері жойылып отырды.

Қаңтар  айының 10-күні Эстетикалық  айлығына байланысты мектеп ішілік  ашылу линейкасы өткізілді. 

Эстетикалық тәрбие айлығында   «Қылышын сүйреп қыс келді» деген тақырыпта 5-6 сыныптар  арасында суреттер байқауы өткізілді.

Қаңтар айының 20 күні  «Менің әлемім» атты суреттер байқауы 2-4 сыныптар арасында өткізіліп мектеп қабырғаларына көрмеге ілінді.

Сондай-ақ 21 қаңтарда  бастауыш сынып оқушыларына  «Абайла тайғанақ!» атты дөңгелек үстел өткізді.

Қаңтар айының 31 күні шаңғылар сайысы 5-7 сыныптар арасында өткізілді.

Ай бойы 1-жарты жылдық кеңестердің жүргізілген жұмыстары тексеріліп қадағаланды.

Ай соңында мектеп оқушыларының күнделіктері тексеріліп қателері жойылып отырды.

Ақпан   айының 1-күні Рухани адамгершілік  айлығына байланысты мектеп ішілік  ашылу линейкасы өткізілді. 

Ақпан айының 3 мен 4 аралығында «Болашағын өзіңнін қолында» атты тақырыпта  үздік шығармалар байқауы өткізілді.

«Бүгін менің туған күнім» атты   тақырыпта  Муқағали Мақатаевтің туған күніне арналған  әдеби кеш ақпан айының  9 күні өткізілді.

20 ақпанда  «Мен және Заң » атты  8-10 сыныптарға диспут ұйымдастырып өткіздік.

Аналар мерекесіне  байланысты «Аяулы аналар» музыкалық байқауы 1-4 сыныптар арасында өткізілді.

Сонымен қатар  қыс пен қоштасу мақсатында барлық сыныптарға «Масленница» ұйымдастырылып өткізілді.

Ай соңында мектеп оқушыларының күнделіктері тексеріліп қателері жойылып отырды.

Наурыз айында «Көктем келіп табиғатта құлпырды» тақырыбында 2-6 сыныптардың арасында суреттер байқауы өткізілді. Суреттер мектеп қабырғаларына көрме болып ілінді.

Наурыз айының 7 күні «Ана-өмірдің гүлі !» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешімізге Байтерек селолық округінің әкімінің орынбасары  келіп аналарымызды,апаларымызды,әпке қарындастарымызды мектеп ұжымына жылы лебіздерін білдіріп құтықтады.  Кеш коцерттік бағдарламамен жалғасты.

Әр кеңес  жиналыстары 8-наурыз мерекесіне байланысты өткізілді.

Наурыз айының 15 күнінен бастан Ұлыстын Ұлы мерекесіне байланысты дайындықтар жүргізіле бастады.

Наурыз айының 22 күні «Армысын әз -Наурыз!» атты  тақырыпта ,киелі Наурыз мерекесіне  арналған мерекелік кеш өткізілді. Мектеп оқушылары мен мектеп ұжымы көрермен қауымға өз өнерлерін көрсетіп концерттік бағдарламаны ұсынды. Мектеп алдында киіз үйлер тігіліп ,көже пісіріліп жиналған қауымға  тартылды.

Ай соңында мектеп оқушыларының күнделіктері тексерілім сынып жетекшілеріне ұсыныстар жасалып кемшіліктері жойылып отырды.

Сәуір    айының 3-күні Салауатты өмір салты  айлығына байланысты мектеп ішілік  ашылу линейкасы өткізілді.

Сәуір айның 7 мен 12 аралығында   «Гүлденген Әлем» атты суреттер байқауы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар «Ұрпақтар ұмытпайтын Жеңіс»-ұлы жеңіс күніне 78 жылдығына орай пікір талас 8-10 сыныптарға өткізілді.

Ұйым мүшелерінің  жұмыстарының жүргізілуі мен  оқушылардың қатысуы қадағаланды. Ай соңында мектеп оқушыларының күнделіктері тексеріліп сынып жетекшілеріне ұсыныстар жасалып кемшіліктері жойылып отырды .

Сәуір айның 29 күні 1-мамыр –Қазақстан Республикасы халықтарының Бірлігі күніне арналған  «ДОСТЫҚ – БІЗДІҢ ТІРЕГІМІЗ!»тақырыпта фестиваль   ұйымдастырылып өткізілді. Әр сынып өзіне берілген ұлттың киімдерін, тағамдарын, өнерлерін көрсетті. Осы мерекеге байланысты   барлық сыныптарда сынып сағаттары өтілді.  Сол сияқты 7 мамыр мерекесіне орай 5 мен 6 күндері  сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.

Мамыр айының 9 күні Алға ауылының Ескерткіш алаңында «9-мамыр Жеңіс күні» атты Ұлы жеңістің 78 жылдығына орай   мерекелік кеш өткізілді. Мерекеміздің басты қонақтары ,әрине біздің  ардақты   да асыл ардагерлеріміз. Мерекелік   алаң неше түрлі ауа шарларымен,түрлі түсті байрақшаларымен,гүл шоқтарымен безендірілді. Мерекенің басты мақсаты  оқушыларды адамгершілікке ,отаның сүюге,соны қорғауға баулу. отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен,қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып,ой-өрісін дамыту. Оқушылардың үлкен адамдарды сыйлай білуге,оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Кешімізді жүргізушілер құттықтау сөздерінен бастап,  келген қонақтарымызға құтықтау сөздер беріліп , оқушылардың би мен әндер өнерлері көрсетілді.   Кешіміз құтықтау сөздерімен гүл шоқтарын ескерткіштерге қоюмен аяқталды.



Ұйым мүшелерінің  қорытынды жұмыстарының жүргізілуі мен оқушылардың қатысуы қадағаланды. Ай соңында мектеп оқушыларының күнделіктері тексерілім сынып жетекшілеріне ұсыныстар жасалып кемшіліктері жойылып отырды.

Маусым айының  1 күні  «Жас түлек 2023-Жаңа Қазақстан ертеңі» атты соңғы қоңырау мерекесі өткізілді. Мерекелік жиында құттықтау сөздер, мектеп  оқушылары   ән ,би өлеңдер айтылып өз өнерлерін көрсете білді. Түлектеріміз де ән салып ,би билеп,өздерінің алғыстарын білдірді.

  1. Әр сайын  оқушылардың күнделіктері жүйелі түрде тексеріліп,қорытындылары директор жанындағы кеңесте қаралып,кемшіліктері жойылып отырды.
  2. Оқушыларды патриоттылыққа тәрбиелеу мақсатында күнделікті таңертен әнұран орындады.
  3. Сабаққа келмеген оқушылар сынып жетекшілерімен бірлесе тексеріліп,журналға тіркелді.


Жетістіктер :

Бекітілген жылдық жоспар бойынша мектепішілік іс-шаралардың ішінен  жоғарғы деңгейде өткен  «Желбірей бер қазағымның көк туы»,  сол сияқты « Ана өмірдің гүлі» 8-наурыз мерекесіне арналған, 22- наурызда «Кош келдің әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара, «9-мамыр Ұлы Жеңіс күні» мектепішілік шаралары өткізілді. Бұл аталған мектепішілік іс-шараларға Байтерек селолық округінің әкімінің қатысуымен өтіліп ,жоғарғы деңгейде өтілуіне ризашылығын білдірді.  


Кемшіліктер:

  1. Сабаққа келмеген оқушылар қадағаланғанымен, сабақты себепсіз қалдырған оқушылар әлі де болса болды. Осы оқушылардың ата-анасымен жүйелі жұмыс жүргізілмегендіктен ұсыныстар жасалып отырылды.

Ұсыныстар:

  1. Сабақты себепсіз қалдыратын оқушылардың,жағдайы төмен отбасында тәрбиеленетін оқушылардың,толық емес отбасында тәрбиеленетін оқушылардың және тәртібі нашар оқитын оқушылардың  ата-аналарымен жүйелі жұмысты сынып жетекшілерімен бірлесе жүргізу.
  2. Мектепте «Қыздар кеңесі», «Ұлдар кеңесі», «Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі», «Денсаулық сақтау кеңесі»  /жоғарғы сыныптарға арналған/ құрылып жоспарлары жүйелі түрде жұмыс атқару. 


                                                          Ұстаз -ұйымдастырушы :            Мелисжанов Н.М.